Қызылорда облысының білім басқармасының «М.Мәметова атындағы
                        Қызылорда  педагогикалық жоғары  колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны       
                                                                                      даму бағдарламасы

Негізі:
            Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы;
            Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
            Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 5-қосымша);
            Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына 3-қосымша);
            Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Колледж дамуының тактикалық мақсаты:
          - Қоғамда сұранысқа ие жеке дағдылары және рухани құндылықтары бар тұлғаны дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету;
          - Білім сапасын бағалаудың тиімді біртұтас жүйесін қалыптастыру;
          - Болашақ экономикасы үшін мамандар даярлау;
          - Материалдық-техникалық жарақтандыруды және сандық инфрақұрылымды жақсарту.

Мақсаты:
          - Білім алушыларға оқыту мен тәрбиенің жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті инновациялық білім беру қызметін белсендендіру;
          - Колледжде білім беру қызметін инновациялау арқылы білім алушылардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие беру;
          - Қазіргі нарық талаптарына жауап беретін кәсіби құзыреттіліктерге ие, ұдайы өсуге, әлеуметтік және кәсіби икемделуге дайын, жоғарыадамгершілік қасиеттерге ие мамандарды даярлау.

Міндеттері:
          • педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру;
          • білім ұйымының кадрлық саясаты және студенттердің негізгі және кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру;
          • кәсіптік білім беру сапасын бағалау жүйесі тиімділігін арттыру;
          • пәннің мазмұны мен оқытылуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ


Байланыс Ақпарат