Қызылорда облысының білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» КМҚК 1932 жылы құрылған. Мекеме бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын, білім беру қызметін жүргізу құқығы бар заңды тұлға болып табылады. Білім беру қызметін жүзеге асыру түрі – күндізгі және сырттай.  Колледж білім беру қызметімен айналысады. М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі - жоғары білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ететін облыстағы жетекші колледж.
         Колледж түлектері Қызылорда облысының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін көрсететін білім беру, ғылым, мәдениет, спорт салаларында жұмыс жасайды. 90 жылдан астам қызмет аралығында колледждің оқу - әдістемелік процесі технологиялық негізде жүргізілгендіктен, халықаралық білім бағдараламаларына сәйкес бай әдістемелік және тәжірибелік қор жинады, инновациялық технологиялармен толықтырылды. Аталмыш оқу орнының білім беру қызметіндегі басым бағыты оқытуды инновациялық, ақпарттық-коммуникативтік технологиялар арқылы жүргізу, қазіргі заман талабына сай білім беру мазмұнын жаңартып отыру. Сонымен қатар, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен кәсіби құзыреттіліктерін дамыту жұмысына бағытталған.
     М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің миссиясын, мақсатын және міндеттер әрекетін құруда басшылққа алынды:
                 - ҚР-ның 27.07.2007 жылғы № 319 «Білім туралы» Заңы,
                 - ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы (2019 жылғы 27 желтоқсан №293 -VI ҚРЗ)
                 - ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (27.12.2019 жылғы № 988 қаулысы),
                 - «Қазақстан Республикасын индустриялық – инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (ҚР Үкіметінің №1050 қаулысы 31.12.2019 ж) және т.б. қазіргі қоғам дамуының негізгі аспектілерін көрсететін ҚР нормативтік құжаттары.


Колледждің негізгі миссиясы:
                  - Жаңа жаһандану әлемінің қоғамдық - әлеуметтік өзгерістеріне сай келетін, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті, кәсіби құзыретті маман даярлау;
                  - Оқу-тәрбие процесін жаңғырту арқылы елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес, өз мамандығын жетік меңгерген мамандармен қамтамасыз ету;
                  - Жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жетілдіру және оны сақтау арқылы зиялы, ой-өрісі жоғары жастарды тәрбиелеу;
                  - Оқыту процесінде заманауи инновациялық технологияларды жетік меңгерген, IT-технологияларды өз тәжірибесінде шебер қолдана алатын, шығармашыл педагогтар ортасын қалыптастыру.


                                          М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің
                                «E-COLLEGE» білім беру қызметін басқарудың цифрлы жүйесі

     Колледжде «E-college» білім беру қызметін басқару мен білім беру процесін ұйымдастырудың цифрландырылған орталығы жұмыс жасайды. Жүйе Visual Studio платформасының ASP NET бағдарламалау тілінде жазылған. Мәліметтер SQL SERVER мәліметтер қорында сақталады. Басқарудың цифрлы жүйесі интернет арқылы online режимінде колледждің барлық құрылымдарының жұмысын автоматтандыруға арналған.
    «E-COLLEGE» білім беру қызметін басқарудың цифрлы жүйесінің жұмыс сапасын арттыру мақсатында «Бағдарламалармен қамтамасыз ету» бөлімі ашылып, Студенттер білімін бағалаудың тест орталығында Офис - тіркеуші (Офис - регистратор) қызметі қосылды.
     Үш оқу ғимаратын үздіксіз Интернетпен қамтамасыз ету үшін 4 Сервер мен 36 WI-FI нүктелері орнатылды.
     Ата-аналар талапкерлердің түсу емтихандарын тапсыру сәтін интернет арқылы online бақылаудан бастап, сабаққа қатысуы мен күделікті алған бағаларын, емтихандар қорытындыларын интернет арқылы немесе телефоны арқылы online режимінде көріп бақылауларына толық жағдай жасалды.
    Сол сияқты, жүйеде Кадр бойынша мәліметтер, Кадр бұйрықтары, Студенттер бойынша мәліметтер, Студенттік бұйрықтар, Құжаттар айналымы, Сабақ кестесі, Емтихан кестесі, Электронды кітапхана, Бейне лекциялар, Ақылы негізде оқитын студенттердің төлем ақысы,Үлгірім және Сауалнама жұмыстары бойынша басқару мүмкіндігі бар.
    Қазіргі таңда Электронды кітапхана 650 дана кітапты сканерлеп, қорға орналастырылды. Бейне лекциялар қорына 20 бейне лекция сабақтары жүктелді.
    Оқытушылар мен студенттердің жеке мәліметтері, бұйрықтары автоматты түрде дайындалып мәліметтер қорына енгізіледі. Қызметкерлер бойынша 55 түрлі бұйрықтар автоматты түрде жасалып әрбір қызметкердің жеке парақшаларына түседі және осы бұйрықтар бойынша кез келген сұрыптаулар жасауға болады. Сол сияқты студенттер бойынша 22 түрлі бұйрықтар бар. Сессиядан соң студенттерді курстан курсқа көшіру, стипендия тағайындау туралы бұйрық және оқуын аяқтауына байланысты оқудан шығару бұйрықтары автоматты шығарылып әрбір студенттің жеке парақшаларына түседі.
    Бағдарлама сабақ кестесінде сабақтардың қабаттасып қалмауын әрбір оқытушы бойынша, пән бойынша, аудитория бойынша автоматты түрде қадағалап отырады. Сабақ және емтихан кестелерінен пәннің қалып қоймауын қамтамасыз етеді.
    Сабақ және емтихан кестелерін студенттердің өздері де және олардың ата аналары да интернет арқылы немесе телефоны арқылы көре алады .
     Емтихандарды тест, ауызша, жазбаша түрінде өткізу қарастырылған. Ауызша және жазбаша емтихандарда студенттің жауап парақтарындағы аты жөнін штрихкод арқылы бүркемелеп эксперттерге жіберу мүмкіндігі бар. Емтихан ведомосттары мәліметтер қорынан автоматты түрде шығарылады.
   Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері де қарастырылған. Мысалы, әрбір студент өз жеке кабинеті арқылы колледжде оқитындығы туралы анықтамаға және жатақханаға орналасуға тапсырыс беруге мүмкіндігі бар және нәтижесін бақылап отыру қарастырылған.
   Сессия аяғында әрбір студент анонимді түрде 2 түрлі сауалнамаға қатысады. Біріншісі, «Таза сессия». Екіншісі, «Колледжде оқу үдерісін жетілдіруге байланысты сауалнама». Бұл сауалнаманың қорытындысы бойынша автоматты түрде диаграмма шығарылады. Сол сияқты Интернет арқылы студенттің ата-анасы да осы сауалнама қатыса алады. Сонымен қатар «Директор блогы» арқылы кез келген азамат директорға хат жолдай алады. Бұл хаттарды директор өзі ғана көре алады. Сонымен қазіргі таңда колледжде Латын әліпбиі бойынша мәтін оқу электронды оқу құралы жасалды.

           

           





Байланыс Ақпарат