Пропустить Навигационные Ссылки.      
  Лицензия: №14013708 18.09.2014 ж. (Электронды қайта рәсімделген)
    Бөлім меңгерушісі

    0
  
      


      ПЦК жетекшісі


 

     
           2017 жылы «Жаңа идеялармен -  жарқын болашаққа» колледжішілік ғылыми –зерттеу сайысына А.Жунисованың жетекшілігімен Б.Мүсірәлі, А.Мықтыбай, М.Съезд, С.Сыдық қатысып, 1 орын және 20 000 тг Сертификатын иеленді. Зерттеу еңбектерін Петропавл қаласында «Білім-Образование-Education» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жас зерттеуші» атты халықаралық ғылыми-практикалық қашықтық конференциясына қатыстырып, жинаққа енгізілді.

       2017 жылы «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумының  «ІТ технологиялар» көрмесінде Б.Мүсірәлі және А.Мықтыбай өз шығармашылық жұмыстарын таныстырды.

      2017-2018 оқу жылы Жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында «AutoCad» бағдарламасымен сызбадан өткізілген сайысына Б.Мүсірәлі, Ш.Темірғазиева, А.Мықтыбай қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
    
       «Жас ғалым-2016» облыстық ғылыми-жобалар байқауының І дәрежелі Диплом иегері Б.Мүсірәлі болса, Ш.Темірғазиева Алғыс хатпен мараптталды.  Ш.Темірғазиева мен Б.Мүсірәлі қалалық «Ғаламтор әлеміндегі радикализм» диалогтық алаңына қатысып сертификат иеленді. 

                      


                            








                                
            Мамандық бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру нысаны: - күндізгі. Күндізгі оқу нысаны бойынша білімді меңгерудің нормативті мерзімі. Қабылдаудың жалпы білім беру базасы: - негізгі орта білім. Күндізгі оқу түрін біліктілік деңгейі бойынша білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі: - 9-сыныптан 3 жыл 10 ай. 11-сыныптан 2 жыл 10 ай.Біліктілік деңгейі орта болатын физика мұғалімі маманның кәсіби қызметінің объектісі: -«Физика мұғалімі» мемлекеттік білім стандартына сәйкес мектепте физика пәнінен сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырады.
Жаңаша білім бере отырып, кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне қарай бейімделуіне ықпал ететін оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізіп отыру және тиімді пайдалануды меңгеру;
     Электрондық оқыту жүйесін және бағдарламалау тілдерін кәсіби қызметтеріне еркін түрде қолдана алатын мамандар даярлау;Оқу-тәрбие үрдісіндегі оқу сапалары мен статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету;Дарынды оқушылар қатарын көбейту және жоғары оқу орындарына түсу көрсеткішін көтеру; үздіксіз білім алу және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша оқытушылардың халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде біліктіліктерін көтеру Жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастардың үлесін 40%-дан 65%-ға көтеру; Алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерге студенттерді және оқытушыларды тарту;
"Ақпараттық жүйе" ПЦКсы 13040000 - "Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша мамандарды оқытады. Оның ішінде жоғарыда көрстілген біліктіліктері бар. Негізгі жалпы білім базасы 3 жыл 10 ай, ал орта жалпы білім базасы 2 жыл 10 ай оқиды.Басым стратегиялық бағыты функционалды білім мен тәрбие сапасын жетілдіру арқылы болашақ маманның нарық сұранысына ие болу мүмкіндігін арттыру,ашық ақпараттық қоғам жағдайына тез бейімделуге тәрбиелеу, әлемдегі, қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды қабылдауға, өз позициясын таңдауға, шешім қабылдауға, оқу-ақпараттық кеңістік құра білуге үйрету.



 


Байланыс Ақпарат