Шетел тілі                   ПЦК оқытушылары
0110900 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктеліктері: 4S0110905 «Шетел тілі мұғалімі»

Лицензиясы: Серия АБ № 0049645, 08.05. 2009 жыл,№14013708 18.09.2014 ж. (Электронды қайта рәсімделген)
            1932 жылдан бері қалыптасқан өзіндік дәстүрі бар іргелі оқу орны Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде 1997 жылы ашылған «Шетел тілі» бөлімінің 0105000 – «Бастауыш білім беру» (шет тілі) және 0111000 – «Негізгі орта білім» мамандықтары болған. Қазіргі таңда «Шетел тілі» бөлімінде 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша оқушылар білім алуда. Алғашқы қабылданған оқушылар саны – 28. 2016 жылы «Шетел тілі» бөлімі 14- ші рет түлектерін ұшырды. ҚР Үкіметінің №499 қаулысы және Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім берудің ұлттық құндылығын әлемдік білім құндылығымен ұштастыра білетін, қазіргі қоғамға қажетті шығармашылық іс-әрекетте өзін-өзі анықтау, жүзеге асыруды мақсат еткен білікті және еңбек нарығында сұранысқа ие үштілді меңгерген мамандарын даярлау.
             Саясаты: «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және колледждің білім беру қызметінің сапа менеджменті бойынша саясаты мен міндеттері (ҚР СТ ИСО 9001-2008);Оқу-тәрбие үдерісінде білім саласына байланысты қабылданған динамикалық нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып, іске асыру механизмдерін қалыптастыру «Қазақстан Республикасының туристік саласыдамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыру.
               Білім беру мазмұнын халықаралық стандарттарға негіздей отырып, интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың үш аспектісі: білім, ғылым және жаңашыл, ойшыл, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары мамандарын даярлайды.Жоғары санатты-8, бірінші санатты-6, магистр -4 мұғалімдері бар.



                                 
                                Колледждегі "Шет тілі" бөлімінің атқарған жұмыстарының қысқаша мазмұндамасы  


Байланыс Ақпарат