Бастауыш педагогикасы бөлімі                  
 0110700 - «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ»
 Біліктілігі: 4S0110701 - «Өзін-өзі тану мұғалімі»
 
Лицензия: №14013708 18.09.2014 ж. (Электронды қайта рәсімделген)

          "Бастауыш педогогикасы" бөлімі 0110400 - "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша мамандарды оқытады. Оның ішінде 4S0110401-"Бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігі бар. Негізгі жалпы білім базасы 3 жыл 10 ай, ал орта жалпы білім базасы 2 жыл 10 ай оқиды. Бөлімде 2016-2017 оқу жылында барлығы 280 оқушы, оның ішінде бюджеті 201 оқушы ақылы 79 білім алушылар бар. Кәсіптік, әдістемелік және арнайы пәндер, кәсіптік шет тілі, бақылау тәжиірбелері басымдық берілетін пәндері бар.Басымдық берілетін пәндерБасым стратегиялық бағыты функционалды білім мен тәрбие сапасын жетілдіру арқылы болашақ маманның нарық сұранысына ие болу мүмкіндігін арттыру,ашық ақпараттық қоғам жағдайына тез бейімделуге тәрбиелеу, әлемдегі, қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды қабылдауға, өз позициясын таңдауға, шешім қабылдауға, оқу-ақпараттық кеңістік құра білуге үйрету.
            Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады.Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
         Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі оқу орындарының оқыту процесінің мазмұндық болмысына жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етіп отыр. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытуың инновациялық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады. Президент Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында білімді тағы да еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп берді. Даму бағыттарының басымдықтарын анықтауда бөлім «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және ҚР СТ ИСО 9001-2001 талаптарын жүзеге асыруды мақсат етіп қоя отырып, оқу-әдістемелік жұмыстарын зерттеу, жобалау, тұлғаға бағыттай оқыту, білім беруді басқаруды автоматтандыру, педагог мәртебесін көтеру бағытында жұмыс жасауда. Бөлімнің стратегиялық даму жоспарын жасау барысында білім берудің дамуының әлемдік үрдістері, сонымен бірге қалыптасқан дәстүр мен аймақтық ерекшеліктер ескерілді. Атап айтканда, жоспарланған іс-шаралардың барлығы тұтасымен колледждің әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне бағытталған.

           

                                      
                                      

                                                  Колледждегі "Бастауыш" бөлімінің атқарған жұмыстарының бейне мәліметтері

                                                              Бөлім оқытушыларының еңбектері



Байланыс Ақпарат