Қазақ тілі мен әдебиеті                  
 0110900 – НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТІЛ МЕН ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

 Біліктілігі: 4S0110901 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
 Лицензия: №14013708 18.09.2014 ж. (Электронды қайта рәсімделген)
            0110900 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 4S0110901 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша мамандар даярлаудың негізгі мақсаттары колледждің білім берудегі сапаны қамтамасыз ету саясаты негізінде анықталған:
- өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты, еркін жеткізе алатын;
- ойға жүйрік, тілге шешен;
- сөз құдыретін меңгеріп, көркем бейнелеп жазуға төселген;
- мемлекеттік тілдің жанашыры бола білетін;
- жаңғыртылған білім мазмұнына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра алатын;
- бәсеке шарттары негізінде жұмыс істеуге бейімделген;
- кәсіби құзыретті;
- қазіргі сандық технологияларды меңгерген жан-жақты тұлға қалыптастыру.
Жұмыс оқу бағдарламаларын жасауда пәннің мазмұнына 30% -ға дейін өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, оқытудың өзекті тұстары айқындалған. Жалпы орта білім беру мазмұнындағы өзгерістер мен жаңғыртуларға сәйкес 1-2-курстардың Қазақ әдебиеті, Қазақ тілі пәндеріне Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатына (Астана, 2016 ж.) сәйкес өзгерістер енгізілсе, әдістеме пәндеріне (Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Әдебиетті оқыту әдістемесі) мектептердегі білім мазмұнының жаңаруы мен эксперименттік мектептердің жұмыс жасауына сәйкес болашақ мамандардың оқыту жүйесіндегі жаңалықтарға бейімделуі үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесі бойынша тілдік дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмалар жүйесі ендіріліп, сындарлы оқыту теориясының жеті модулі (оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері) бойынша жасалған.



                            



Байланыс Ақпарат