Дене тәрбиесі    ПЦК оқытушылары                  
0110800 – «ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ»
4S0110801 - Дене тәрбиесі мұғалімі

 Лицензия: №14013708 18.09.2014 ж. (Электронды қайта рәсімделген)



          Адам денсаулығын қорғау, гигиеналық талаптарды сақтау мәселелерін алдына қоя отырып, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі алға қойған мақсатына жетуде 2007 жылдан бастап Дене тәрбиесі және спорт мамандығы ашылды. Жастардың спортқа деген қызығушылығы артып жыл сайын дене тәрбиесі мамандығы студенттерінің саны өсуде Негізгі жалпы білім базасы 3 жыл 10 ай, ал орта жалпы білім базасы 2 жыл 10 ай оқиды.
Бұл мамандықтың өркендеуіне, қарыштап дамуына әлеуметтік серіктестіктерде ат салысып жатыр. Тоқталып кетер болсақ: Облыстық спорт басқармасы, «Евразия» спорт кешені, «Ғ.Мұратбаев» атындағы орталық стадион, №1 және №2 Қызылорда облысының мемлекеттік балалар және жасөспірімдердің олипиадалық резервтік мектебі, №11, №233, №4, №264, орта мектептерімен қоса №5547-ші Қызылорда қаласының әскери бөлімі.


 


Байланыс Ақпарат