0110100-«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ»                  
 Біліктілігі   5АВ0110101-«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры»

             М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі – қазіргі жаһандану ғасырындағы қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сай бәсекеге қабілетті кәсіби құзыретті маман даярлауды өзінің басты межесіне айналдырған республикадағы іргелі оқу орындарының бірі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің №87LAA00003097 (18.09.2014ж.) лицензиясына сәйкес колледжде өзге педагогикалық мамандықтармен қоса 0110100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы 4S0110102 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» біліктілігі бойынша оқытудың күндізгі және сырттай формасында педагогикалық кадрларды даярлау жүзеге асырылып келеді.  
          Қызылорда облысының білім басқармасы жанындағы «М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі» МКҚК Даму бағдарламасы жылдам өзгермелі қоғамның талаптары мен еңбек нарығының және жұмыс берушілердің сұраныстарына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, жеке тұлға ретінде қалыптасқан маман даярлауға бағдарланған негізінде 0110100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4S0110102 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» біліктілігі бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты колледждің Даму бағдарламасында белгіленген миссиясына, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес анықталған. Яғни, мемлекеттің білім беру саясатының біліктілік сапасы жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар даярлау, білім беру қызметін көрсету нарығындағы бәсекелестікке сай болу және перспективалық дамуды нығайту мақсаттары көзделген.



                                                        
            Колледждегі "Мектепке дейінгі тәрбие" бөлімінің атқарған жұмыстарының қысқаша мазмұндамасы

      

 


Байланыс Ақпарат