Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлы

     

         Қызылорда облысының білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» КМҚК директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.Педагогикалық білім беру халықаралық ғылымдар академиясының, Қазақ білім Академиясының корреспондент-мүшесі.

     

  15.10.1955ж. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Төменарық» кеңшарында дүниеге келген.

Білімі:   жоғары педагогикалық. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша бітірген. (1976ж.).

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі - В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтында стажер-зерттеуші (1985-1987ж.ж.). ҚСРО педагогика ғылымдары академиясының білім берудің мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институтында аспирант (Мәскеу. 1987-1991ж.ж.).

Ғылыми дәрежесі:   1991-жылы 13.00.02.-білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы 13.00.01-жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғады.

Ғылыми атағы:   педагогика доценті (2000ж.), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің академиялық профессоры (2007ж.), педагогикалық білім беру халықаралық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі (2000ж.), Қазақ білім академиясының корреспондент-мүшесі (2005ж.).

Педагогикалық қызметі:   Қызылорда қаласындағы орта мектептерде математика пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары (1976-1981ж.ж.).

Жоғары оқу орнындағы ғылыми-педагогикалық қызметі:  Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1981-1997 ж.ж.), университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі (1997-2000ж.ж.), оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор (2000-2003ж.), оқу ісі жөніндегі проректор (2003-2009ж.ж), бірінші проректор (2009-2011 ж.ж), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры (2011- 2012 ж.ж. ).

Басшылық қызметі:   Қызылорда облысының білім басқармасының басшысының орынбасары ( 2013 - 2015ж.ж.), Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы (2015-2018ж.ж.), Қызылорда облысының білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» КМҚК директоры (2018 ж.)

Наградалары:  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003ж.), «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен (2005ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» ХДП- ның «Белсенділігі үшін» медалімен марапатталған.

Мемлекеттік наградалар :   «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) мерекелік медалімен, «Құрмет» орденімен (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2017ж.) марапатталған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:  көпдеңгейлі үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру және оны басқарудың теориялық негіздері, орта және жоғары кәсіби-педагогикалық білім берудің сабақтастығын әдістемелік қамтамасыз ету, білім беруді басқару жүйесіне ақпараттық технологияны ендіру бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Организация урока математики в начальных классах с учетом возрастных особенностей младших школьников» кандидаттық диссертация және «Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлау сабақтастығын басқарудың теориялық негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясын Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы ОД 14.61.35 докторлық диссертация кеңесінде қорғады. Екі монография, бес он екі оқу және оқу-әдістемелік құралдары мен 100-тан астам ғылыми мақалалары жарияланған.

Қызылорда қалалық маслихатының депутаты



Байланыс Ақпарат