ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ электрондық порталына ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
ПОРТАЛДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ:
'Әкімшілік' автоматты басқару жүйесінде университеттің және колледждің барлық құрылымдарының жұмыстары туралы ақпараттар алуға және қажетті есептерді жасауға мүмкіндіктер қарастырылған.
'Кадр бөлімі' автоматты басқару жүйесінде университет және колледж қызметкерлері туралы ақпараттар енгізіліп, қажетті есептер жасақталады.
'Канцелярия' автоматты басқару жүйесінде университетке және колледжге сырттан келген құжаттарды, ішкі құжаттарды (Өтініш, Мәлімдеме, Сұраныс т.б.) тіркеп олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.
'Студенттік бөлім' автоматты басқару жүйесінде университет және колледж студенттері туралы ақпараттар енгізіліп, қажетті есептер жасақталады.
'Оқу бөлімі' автоматты басқару жүйесінде университет және колледж мамандықтарының жұмыс оқу бағдарламалары енгізіледі және бекітіледі.
'Факультеттер' автоматты басқару жүйесінде сабақ кестесі, аралық бақылау және емтихан кестелері енгізіледі.
'Кафедра' автоматты басқару жүйесінде оқу жүктемесінің бөлінісі, тестік сұрақтар енгізіледі.
'Оқытушы' автоматты басқару жүйесінде әрбір оқытушы өз пәні бойынша студенттердің сабаққа қатысуын, үлгірім бағаларын қояды. Сонымен қатар университетте немесе колледжде жұмыс атқаратындығы туралы, еңбекақысы туралы тағы да басқа анықтамаларға тапсырыс бере алады. Кураторлар студенттің ата-анасына хабарлама жібере алады.
'Студент' автоматты басқару жүйесінде әрбір студент өзінің сабаққа қатысуын, үлгірім бағаларын көре алады. Сонымен қатар осы университетте немесе колледжде оқитыны туралы тағы да басқа анықтамаларға тапсырыс бере алады.